Атырау облысында апатты жағдайдағы 90 мұнай-газ ұңғымасы бар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысында апатты жағдайда тұрған 90 мұнай-газ ұңғымасын жою қажет, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысында апатты жағдайдағы 90 мұнай-газ ұңғымасы тіркелді. Оның ішінде 2016 жылы мемлекеттік қорда тұрған Сарышағыл мұнай ұңғымасы жойылды, 2017 жылы Прорыва мұнай ұңғымасын жою үшін жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. ҚР Энергетика министрлігі жер қойнауын пайдаланушылардың балансында тұрған 14 ұңғыма бойынша жұмыс жүргізуде», - деп мәлім етті ҚазАқпаратқа облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Осыдан ондаған жыл бұрын бұрғыланған қауіпті ұңғымалардың бір бөлігі Каспий теңізінің су басқан аймағында жатыр.

«Бұған қоса, өңірдегі суы өздігінен ағып шығатын 180 ұңғыманың 123-ін жою ұсынылған. Ағымдағы жылы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінен ҚР Қаржы министрлігіне қараусыз қалған 60 ұңғыманы жою бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу үшін бюджеттік өтінім ұсынылатын болады», - деп мәлім етті облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Соңғы жаңалықтар