Атырау облысында 2018 жылы балық өтетін екі арна қазылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 2018 жылы балықтар өтетін екі арна тазартылып, түбі ұңғыланып, тереңдетіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2018 жылы балық өтетін екі арнада мелиоративті шараларды жүзеге асыру көзделіп отыр. Ол ұзындығы 131 км болатын Жайық өзеніндегі Яицкий арнасы. Сонымен қатар Ресеймен шекаралас Құрманғазы ауданындағы Қиғаш өзеніндегі Ганюшкино арнасы. Оның ұзындығы 65 км. Мелиоративті жұмыстарды жүргізу үшін қажетті жобалау-сметалық құжаттарды дайындауға бюджеттен 65 млн теңге бөлінген. Аталған құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтті. Қазіргі таңда арнаны қазатын мердігер компанияны анықтау үшін тендер процедуралары жүріп жатыр»,-деді Атырау облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы басқармасы жетекшісінің орынбасары Ерболат Қадымов.

Айта кетейік, Яицкий мен Ганюшкино арналары көктемде балықтардың Каспий теңізінен Жайық пен Қиғаш өзеніне өтетін басты бағыттары болып табылады. Бұл арналар ондаған жылдар бойы тазаланбай, жаз мезгілінде ол жерден балық тұрмақ қайықтың өзі өте алмайтындай жағдайға жеткен.

Соңғы жаңалықтар