Атырау облысында 15 жастағы жасөспірім жоғалып кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында Жылыой ауданында жоғалып кеткен 15 жастағы жасөспірімге іздеу жарияланды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі. 

«Негізі, жасөспірім 2 қыркүйекте жоғалған. Сол күні ол Жылыой ауданындағы Биікжал қыстауынан кеткен. Ал ата-анасы ол баратын жеріне аман-есен жетті деп отыра берген. Баласының ол жерге бармағанын 13 қыркүйекте ғана білген және полицияға хабар берген. Аудан орталығы Құлсарыдан 80 километр жерде, яғни жоғалған жасөспірім кеткен аймақта іздестіру жұмыстары басталған», - деп мәлімдеді өңір ІІД-дегілер.
Іздестіру істері жалғасуда. Бірақ әзірге ешқандай нәтиже жоқ.

Соңғы жаңалықтар