Атырау облысында 114 жас дәрігер жұмысқа қабылданды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысының медициналық мекемелері 114 жас дәрігермен толықты. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасының бастығы Мәншүк Аймұрзиева мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінгі таңда облыста денсаулық сақтау саласындағы басты проблемалардың бірі кадрмен қамтамасыз ету, тәжірибелі дәрігерлер мен педиатрлардың, сондай-ақ басқа арнайы мамандардың жетіспеушілігі болып отыр.

Болжам бойынша 2020 жылға дейін жалпы тәжірибесі бар 50 дәрігердің, 65 педиатр мен 52 нақты салаға бағытталған мамандар жетіспеушілігі пайда болады. Қазіргі уақытта облысқа анестезиолог-реаниматологтар, неонатолог, патологоанатом, сот сарапшылары, акушер-гинекологтар, онкологтар, фтизиатрлар, фтизиопедиатрлар, пульманологтар қажет», - деді деді М. Аймұрзиева Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Саладағы кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін денсаулық сақтау басқармасының мамандары медициналық жоғары оқу орындарының базасында өтетін бос орындар жәрмеңкесіне барып, жас мамандарды өңірдің медициналық ұйымдарына жұмыс істеуге шақырады. Осы орайда, биылғы жылдың І тоқсанында 114 жас маманмен алдын-ала келісімшарттар жасалды.

Сонымен қатар, өткен жылдың күзінен бастап 35 атыраулық студент 4 республикалық медициналық жоғары оқу орындарында жергілікті грант бойынша білім алуда. Оқуларын бітіргеннен кейін олар келісімшартқа сәйкес 5 жыл көлемінде Атырау облысының медициналық мекемелерінде жұмыс істейді. Одан бөлек жергілікті атқарушы органдар бірқатар мемлекеттік қолдауларды пайдалана отырып, жас мамандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесін де шешуде.

Абай Ақмұрзиев

фото:newsgeorgia.ge

Соңғы жаңалықтар