Атырау облысы Жылой ауданына жаңа әкім тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 15 тамыз күні өңір басшысы Нұрлан Ноғаев Максим Ізбасовтың еңбек сіңірген зейнеттік жасына шығуына байланысты аудандық мәслихат депутаттарына жаңа басшыны таныстырды.

Нұрлан Ноғаев Максим Избасовқа ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін, атқарған жұмысы үшін алғыс білдіріп, келешек бастамаларына сәттілік тіледі.

Аудан әкімі қызметіне осыған дейін Махамбет ауданының әкімі қызметін атқарған Алимұхаммед Құттымұратұлы тағайындалды. Депутаттар бірауыздан қолдап, оны тәжірибелі және білікті басшы ретінде танылғанын атап өтті.

Аудан маслихатының сессиясы барысында, жаңа басшы, Елбасының «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамды жүзеге асыру бойынша бес институционалдық реформалары» мақаласының қазіргі заманғы мемлекет аппаратын қалыптастыру принципі бойынша, Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінің келісімімен тағайындалды.

Алимұхаммед Құттымұратұлы - экономика мен құқықтану саласындағы екі жоғарғы білімі бар.

Еңбек жолын 12 жыл бұрын жеке секторда бастаған, кейін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бас маманы лауазымына көшті, өзін жауапты қызметкер ретінде көрсете білді.

2008-2012 жылдар аралығында жергілікті атқарушы органдар жүйесінде қызмет атқарды.

2012-2016 жылдар аралығында Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облыстық әкімдігі аппаратының басшысы, Атырау облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы, 2016 жылдың мамыр айында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды.

nullnull

Соңғы жаңалықтар