Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жаңа басшы келді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Сағындық Лұқпанов облыс активіне жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының жаңа басшысын таныстырды. Ол - Асқар Жанахмет, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметінен.

Бұған дейін Асқар Жанахмет Атырау облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында орынбасар болып қызмет атқарған.

Сағындық Лұқпановтың айтуынша, А. Жанахмет меритократия қағидасы бойынша тағайындалды. Әкім орынбасары оның жеке сектордағы және мемлекеттік органдардағы еңбек жолын атап өтіп, басқарманың жаңа басшысы бос мемлекеттік лауазымдарға жарияланған конкурс нәтижелеріне орай тағайындалғанын тілге тиек етті.

Асқар Жанахметтің екі жоғары білімі бар, оның бірін құрылыс саласымен байланысты болса, кейін экономика саласында. Жеке сектордағы еңбек жолын 2006 жылы менеджер ретінде бастаған, кейіннен 2011 жылға дейін жекеменшік компанияның бас директоры лауазымын атқарған. 2012 жылы мемлекеттік қызметтегі еңбек жолын бастап, Атырау облысының әкімдігінде жетекші маман, инспектор, бөлім басшысының орынбасары, аппарат басшысының орынбасары болған.

Соңғы жаңалықтар