Атырау мұнай өңдеу зауыты өндіріс көлемін екі есеге кемітеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбіде болған өрттен кейін  Атырай мұнай өңдеу зауыты өндіріс көлемін тәулігіне 14 мың тоннадан 7 мың тоннаға дейін азайтатын болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

«Өндіріс көлемі  тәулігіне 14 мың тоннадан 7 мың тоннаға дейін кемиді. Тауарлық өнімнің тәуліктік  өндірісі: дизель отыны бойынша тәулігіне 1 600-1 800 тонна, бензин тәулігіне 1000 тоннаның  айналасында» деп жазылған хабарламада

Мұнай өңдеу көлеміне қосалқы демеу ретінде тәулігіне қосымша  7000 тонна  АТ-2 бастапқы өңдеу жұмыстары қатар жүргізілмек.

Қазір жоспардан тыс орын алған оқиғаның мән-жайын анықтайтын арнайы комиссия құрылды. Шығындар есептеліп, өрттің  зардабы сарапталу үстінде», - деді зауыттың баспасөз қызметі.  Сонымен бірге зауытта жүріп жатқан жаңғырту жұмыстарына оқиғаның ешқандай әсер етпейтіні де айтылды.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең  Атырау мұнай өңдеу зауытындағы цехтардың бірінде өрт болды. Құбырлар желісінен шыққан жалын 10 шаршы метр аумаққа жайылды. Тілсіз жаудан ешкім зардап шеккен жоқ.

 

Соңғы жаңалықтар