Атырау мұнай өңдеу зауыты қоршаған ортаға əсерді азайтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырауда жаңа "Өндірістік" станция мен айналмалы темір жол пайдалануға берілді. Атырау мұнай өңдеу зауытынан жүк ағынын қала аумағынан тыс жерге шығаруға мүмкіндік беретін жоба экологиялық, өндірістік қауіптерді сейілтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«АМӨЗ» ЖШС жобасы көлік инфрақұрылымдарын дамыту бағдарламасы аясында жүзеге асырылған және Атырау мұнай өңдеу зауытының барынша нәтижелілігін қамтамасыз етуге бағытталған.

null 

«Кезінде цистерналарды булау, цистерналарға құю және ағызу қалада жүргізілді. Қазіргі таңда осы стансаның арқасында бұл процедура қаладан 8 шақырым қашықтықта жүргізілетін болады. Бұл АМӨЗ-дің қоршаған ортаға ықпалын айтарлықтай азайтып, қаланың ауасын жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев салтанатты шарада.

null 

Осы жоба арқылы қосымша 367 жаңа жұмыс орны ашылды. 

Соңғы жаңалықтар