Атырау мұнай өңдеу зауыты 14 мың тонна бензол экспорттады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстанда тұңғыш рет экспортқа мұнай химиясына арналған шикізат - бензол шығара бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2017 жылы  8 951,2 тонна бензол шығарылды. Бұл жоспарланған межеден 104 пайызға артық. Бензол өндірісі қолға алынған уақыттан осы күнге дейін 14 380,8 тонна өнім дайындалды.  Аталған өнім түгелдей Ресейге экспортталды. «Тазартылған бензол -545» сертификаты бар тауар барлық халықаралық талаптарға толығымен жауап береді»,-деп хабарлайды зауыттың баспасөз қызметі.

Бензол - ең көп таралған мұнай химиялық өнім. Пластмассада оның үлес салмағы 33 пайыз, каучук пен резеңкеде 66 пайыз, синтетикалық заттарда 80 пайызға дейін жетеді.

Соңғы жаңалықтар