Атырау МӨЗ-ның дизельді отынының жартысы К-5 дәрежесіне сай болады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау мұнай өңдеу зауыты өндіретін дизельді отынның жартысы Еуро-5 немесе К-5 дәрежесіне сай болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

«Атырау МӨЗ» ЖШС-нің дизельді секциясында жүргізілген күрделі жөндеу кезінде гидротазалау реакторлары мен дизельді отынды депарафинизациялау катализаторлары технологиялық процестің лицензиары АҚШ-тың «UOP» компаниясының жаңа шыққан катализаторларына алмастырылды. Нәтижесінде дизельді отын гидротазалаудан өтіп, ондағы күкірт деңгейі айтарлықтай төмендеді. Бұл жағдай өндірілген дизельді отынның 50 процентін К5 экологиялық дәрежесіне жеткізуге мүмкіндік береді»,-деп хабарлады Атырау МӨЗ-ның қоғаммен байланыс бөлімінің қызметкерлері.

Айта кетейік, Кедендік Одақтың Техникалық регламентінің талаптарына сай, 2018 жылдың қаңтарынан бастап, Қазақстан аумағында К4 дәрежесіне жататын дизельді отын мен бензин жіберіледі.

Соңғы жаңалықтар