Атырау МӨЗ-де дизельдік отынның К4, К5 стандарттары өндіріле бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау мұнай өңдеу зауыты К4, К5 экологиялық стандарттарына сай дизельдік отынды өндіруді бастап кетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау мұнай-өңдеу зауыты 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап К4 және К5 экологиялық стандарттарына (Еуро-4 және Еуро-5 стандарттарының аналогы) сай дизельдік отынды комбинатталған бензин мен дизелдік отынды гидротазалау қондырғысына тиеуді бастады. Ондағы «UOP» (АҚШ) компаниясының технологиялық процестерінде катализаторлар ауыстырылды. Осының нәтижесінде гидротазалау кезіндегі дизельдік отындағы күкірттің мөлшерін К5 стандарты үшін 2-3 ррм көрсеткішке, ал К4 стандарты үшін 50 ррм көрсеткішке төмендетуге қол жеткізілді», - деп хабарлайды Атырау МӨЗ баспасөз қызметінен.

Сонымен бірге, жаңа стандартқа сай өнім өндіру кезінде «Атырау» МӨЗ-де құбырішілік жүйелерді, мұнай өнімдері құйылатын жүйені, резервуарлық бақтарды тазарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілген.

«Цистерна арқылы өнімді тасымалдайтын ұйымдарға жоғары талаптар қойылды. Себебі, цистерналар өте жіті жуылып, тазартылуы керек. Дәл осындай жұмыстар легі жанар-жағармай құю станцияларында, мұнай базаларының резервуарлық бақтарында жүргізілуі тиіс», - делінген «Атырау» МӨЗ хабрламасында.

Соңғы жаңалықтар