Атырау көшелерінің 100 шақырымына энергия үнемдеуіш шамдар қойылады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда қала көшелерінің 100 шақырымына энергия үнемдеуіш шамдар қойылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Энергия үнемдеуіш шамдар негізгі даңғылдармен қатар екінші деңгейлі көшелерге де орнатылады. Бұл шамдардың бір ерекшелігі, электр энергиясын үнемдеуден тыс, қарапайым лампаларға қарағанда ұзағырақ қызмет етеді. Бұл идея «Жасыл энергетика» бағдарламасының аясында жүзеге асырылады», - деді қалалық әкімдік қызметкерлері.

«Жасыл энергетика» бағдарламасымен облыста Күн энергиясын электр энергиясына айналдыратын технопарк салу, осы сияқты басқа да жобаларды жүзеге асыру жоспарда бар.


Иллюстрациялық фото

Соңғы жаңалықтар