Атырау көшелерінде жатыпішерлер жайлы әлеуметтік жарнамалар пайда болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау көшелерінде бүгінгі қоғамдағы кемшіліктерді әжуалайтын әлеуметтік жарнамалар пайда бола бастады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әзірге суретші Аңсаған Мұстафаның жұмыстары бейнеленген төрт билборд орналастырылды. Олардың бірінде қарт анасының зейнетақысына күнелтетін семіз адам бейнеленген. Енді бірі кереуетте жатып жұмыс күтіп жатқан еріншекті мысқылдайды. Суретші бүгінгі қоғамдағы әлеуметтік желілерге тәуелділікті де назардан тыс қалтырмаған. Суреттердің авторы Аңсаған Мұстафа - кәсіби суретші. Оның қолынан шыққан жұмыстарының көрмесі Астана, Алматы және басқа да Қазақстан қалаларында өткізілді.
null 

«Бүгінгі қоғамдағы адамдардың кемшілігін әжуалайтын жұмыстар жасау туралы ұсынысты қала әкімінің орынбасары Мейірім Қалауи айтты. Мен бұл ұсынысты қуана қабыл алдым», -деді «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне А.Мұстафа.
null 

«Аңсаған бізге 50-ге жуық жұмысын жіберді. Әлеуметтік жарнамалардың көпшілік назарын аударта алғанын  көріп отырмыз. Бұл суреттер жайлы әлеуметтік желілерде де көп жазыла бастады. Сондықтан мұндай суреттерді алдағы уақытта да қала көшелеріне іліп қоюды жалғастыра береміз», - деді М.Қалауи. 

nullnull 

Соңғы жаңалықтар