Атырау көшелері енді жаңаша жарқырайды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жергілікті билік қала көшелерін жарықтандырудың жаңа жобасын жүзеге асыруға кірісті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Жасалған келісімшартқа сәйкес, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобаға 2 млрд 336 млн теңге мөлшерінде инвестиция тартылды. Осы қаржыға қаланың 39 көшесіне 2816 энергия үнемдеуіш шам орнатылады», - деп мәлімдеді қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұрын Атырау көшелеріне жаңа технологиялар мен заманауи LED-жарық шамдарын орнату жоспарланып жатқанын хабарлаған болатынбыз.

Жалпы, қала мен қала маңындағы ауылдардағы көшелердің 106 шақырымына жаңа жүйемен жарық беріледі.

Соңғы жаңалықтар