Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 340.35
EUR 405.46
RUB 5.87
CNY 51.64

«Атырау» ƏКК-ға жаңа басшы тағайындалды

«Атырау» ƏКК-ға жаңа басшы тағайындалды
2017 жылғы 11 қыркүйек 23:21 535

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Атырау облысының əкімі Нұрлан Ноғаев «Атырау» əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясының ұжымына жаңа басшы Марат Түсіпқалиевті таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Марат Түсіпқалиевтің экономика жəне менеджмент, мұнай-газ кен орындарын пайдалану салаларында екі жоғары білімі бар, сондай-ақ Женева бизнес жəне халықаралық зерттеулер университетінің магистрі дәрежесіне ие.

Еңбек жолын 1998 жылы Астана қаласында "Қазақойл" ұлттық мұнай компаниясының өндірісті басқару департаментінде жоба менеджері қызметінен бастаған. "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясында мұнай мен газды өндіру департаментінің менеджері болған. 2003-2007 жылдары Астана қаласында "Қазақтүрікмұнай" ЖШС мұнай жəне мұнай өнімдерін сату департаментінің директоры лауазымын атқарған.
2007 жылы мемлекеттік қызметке келіп, Бөрілі ауданы əкімінің орынбасары болды. Шағын жəне орта бизнес мəселелеріне жетекшілік етті. 2007-2012 жылдары Орал қаласы əкімінің орынбасары қызметін атқарды. Қаланың өнеркəсіптік кешенінің дамуына, тұрғын үй-коммуналдық қызметке жауапты болды.

2012-2016 жылдары Бөрілі ауданының əкімі, 2016-2017 жылдары "Альтаис групп" ЖШС  бас директорының орынбасары болды.
Аймақ басшысы Марат Түсіпқалиевтің мұнай-газ секторына инвестиция тартуда тəжірибесі барына айрықша назар аударып,  "Атырау" əлеуметтік-кəсіпкерлік корпорациясының алдында тұрған маңызды міндеттерді атады. ƏКК қызметіне қатысты нақты тапсырмалар берді.

 

 

Басты сөздер: Тағайындау, Атырау облысы, Әкім,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер