Атырау кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау кәсіпкерлер палатасының өңірлік кеңесін ендігі кезекте Әлия Бекқұжиева басқарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Кандидатура өңірлік кеңес мүшелерінің бірауыздан қабылдаған шешімімен бекітілді.Әлия Бекқұжиева - Қазақстанға танымал іскер әйел және қоғам қайраткері. Ол 20 жылдам астам кәсіпкерлік салада қызмет етіп келеді. Ол Атырау өңіріндегі екі ірі кәсіпорын - «Өнерпаз» бен «Рембыттехника» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің бас директоры. Атырау облысы кәсіпкерлері мен жұмыс берушілерінің одағы, «Атырау облысының Азаматтық Альянсы» заңды тұлғалар бірлестігі секілді облыстық деңгейдегі қоғамдық озық бірлестіктерді басқарып келген. Атырау облыстық мәслихатының депутаты, Атырау облысы кәсіпкерлер палатасы жанындағы Іскер әйелдер кеңесі мен Кәсіпкерлер құқығын қорғау жөніндегі кеңестің төрайымы», - деп жазылған Атырау облысы кәсіпкерлер палатасының  баспасөз баянында.

Соңғы жаңалықтар