Атырау қаласындағы мектепте дене шынықтыру пәнінің мұғалімін өлтіріп кетті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласындағы мектептердің бірінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі өлтірілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«№16 орта мектепте мұғалімнің денесі табылды. Ол ауыр жарақаттан көз жұмған. ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды. Бұл бап бойынша кісі өлтіргені үшін жаза тағайындалады. Тергеу барысында 49 жастағы мектеп сантехнигі күдікті ретінде  ұсталды. Алдын ала болжам бойынша, келіспеушілік екеуі ішімдік ішіп отырған сәтте туындаған», - дейді Атырау облысы ІІД баспасөз қызметінің басшысы Гүлназира Мұхтарова.

Соңғы жаңалықтар