Атырау - Астрахан тасжолында ірі көлік апаты: күдікті қамауға алынды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облысында 5 адам қаза тапқан жол апатындағы жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау облысы Исатай аудандық сотының тергеу судьясы Атырау облыстық ІІД тергеу бөлімі тергеушісінің күдікті К.-ны қамауға алу туралы бұлтартпау шарасы туралы өтінішін қарады. Ол ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-бөлімі бойынша айыпталуда. Тергеу барысында белгілі болғандай, К. 2018 жылдың 14 қаңтарында Атырау - Астрахан тасжолында Hyndai Accent көлігін жүргізіп келе жатып жол ережесін бұзған. Соның салдарынан ВАЗ-2115 көлігімен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан ВАЗ-2115 көлігіндегі бес адам сол жерде қаза тапқан», - деп хабарлады Атырау облысы Исатай аудандық сотының баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Hyndai Accent-тің төрт жолаушысы - жүргізушінің жұбайы мен үш баласы түрлі жарақат алған. 

Соңғы жаңалықтар