«Атырау-Астрахан» тасжолын салуды Ислам Даму Банкі қаржыландырады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - «Атырау-Астрахан» тасжолының құрылысына жобалық-сметалық құжат дайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Атырау-Астрахан» жолын қалпына келтірудің екінші бағыты аясында 277 км-ге жоба-сметалық құжат дайындалды.

Оған сәйкес, жол Атырау қаласынан бастап Ресей Федерациясы шекарасына дейін созылады.

«Қазіргі таңда жобаны қаржыландыратын Ислам даму банкімен келісімшарт жасақталуда», деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, облыста Атырау қаласын айналып өтетін жол салынады. Ұзындығы 26 шақырым. Бұл жол «Ақтөбе-Атырау» және «Атырау-Астрахан» мемлекеттік маңызы бар тасжолдарын байланыстырады.

Фото: ptzgovorit.ru

Соңғы жаңалықтар