Атырау-Астрахан тас жолында көлік апатынан 5 адам ажал құшты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау-Астрахан тас жолында көлік апаты болып, 5 адам ажал құшты. Тағы бес кісі ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Атырау мен Астраханды жалғап жатқан автожолда, Ерғалиев атындағы елді мекенге таяу маңда, бүгін түстен кейін көлік апаты болды. «Hyundai Accent» және «ВАЗ-21015» көліктері бетпе-бет соғысқан. Оқиға орнында 60 жастағы «ВАЗ-21015» жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы -  1977 және 1961 жылы туған екі әйел, 1989 және 1958 жылы туған екі ер адам жан тапсырды», - деді  Атырау облысы ІІД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.

Сондай-ақ, «Hyundai Accent» көлігінде болған жүргізуші мен 4 жолаушы Исатай аудандық ауруханасына жеткізілген. Алдын ала мәлімет бойынша, олар бір отбасының адамдары - ерлі-зайыпты екеу мен үш баласы.

Соңғы жаңалықтар