Атырау әкімі қала тұрғындарын жол құрылысын бақылауға шақырды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау тұрғындары жол құрылысын бақылауға мүмкіндік алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.


«2018 жылы Атырауда 220 шақырым жолға асфальт төсеу жоспарланып отыр. Оның құрылысының жобалық-сметалық құжаттамасы жасалынып жатыр. Жоспарға сәйкес, асфальт қаланың 207 көшесі мен қала маңындағы елді мекендерге төселеді.

Қала әкімі Серік Шәпкенов Атырау тұрғындарын жол құрылысын бақылауға атсалуға шақырды. Қала тұрғындары құрылыстағы бұзушылық туралы Telegram-дағы «Атырау облысының әкімдігі»  чат-арнасына немесе «Атырау Цифрлық қабылдау» ұялы қосымшасына хабарлай алады», - деп мәлім етті қалалық әкімдікте.

Сондай-ақ, 2018 жылы қала аумағындағы және ауылдық округтердегі 19 800 шаршы метр тас жолға ағымдық жөндеу жұмыстары жоспарланған. Атыраудың 184 көшесіндегі 178 шақырым тротуардың құрылысына 25 млн теңге бөлінген. Автомобиль жолдарының бойындағы тротуарды жайластыру жұмыстары қалада және қала маңындағы 9 ауылдық округте жүргізіледі. 

Соңғы жаңалықтар