Аты аңызға айналған түрік зілтеміршісі Найм Сүлейменоғлы қайтыс болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыр атлетикадан үш дүркін Олимпиада, жеті дүркін әлем чемпоны, атақты түрік спортшысы Найм Сүлейменоғлы қайтыс болды, деп хабарлайды Анадолы агенттігі.

Агенттіктің хабарлауына қарағанда, Найм Сүлейменоғлы 50 жасында емханада көз жұмды.

Аты аңызға айналған зілтемірші 28 қыркүйекте емханаға жатқызылып, 6 қазанда бауыры ауыстырылған. 11 қарашада миына қан құйылуына байланысты спортшыға жедел тағы бір ота жасалған.

Еске сала кетейік, атақты зілтемірші 46 әлем рекортын орнатты.  Ол ауыр атлетика тарихында ең атақты спортшы саналады.

Соңғы жаңалықтар