Аттестацияны тапсыра алмаған «Б» корпусының қызметшілерін не күтіп тұр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің төрағасы Алик Шпекбаев аттестация тапсырмаған «Б» корпусының мемлекеттік қызметшілердің тағдыры туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Агенттік басшысы «Б» корпусының әкімшілік мемқызметшілерінің аттестациясы Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес жүргізілгенін еске салып өтті. Оның мақсаты кәсіби дайындық деңгейі мен иеленіп отырған лауазымға сәйкестігін анықтауға негізделген.

«Осы арқылы, аттестация өткізу кезеңінде мемқызметшілерді бағалау атқарылып отырған лауазымның құзыреті мен міндеттерін ескере отырып, тиісті қызметке қойылып отырған талаптарға негізделді. Осыған байланысты иеленіп отырған лауазымына сәйкестігін растай алмаған мемлекеттік қызметшілер конкурстық іріктеу қорытындысы бойынша мемқызмет жүйесіндегі өзге лазымдарға баруға құқылы», - деді Алик Шпекбаев интернет-конференция барысында қойылған сауалға берген жауабында.

 

Соңғы жаңалықтар