Аттестация-2018: Мұғалімдердің бұрынғы үстемеақылары сақтала ма

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл қыркүйек айында мектеп мұғалімдері аттестациядан өтеді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетовтің айтуынша, осы уақытқа дейін үш категория бойынша төленген үстемеақылардың барлығы сақталады.

"Бұған дейін жоғары, бірінші және екінші категориялар болды. Аттестацияның жаңа жүйесіне сәйкес, аталған категориялар бойынша қазіргі барлық үстемеақылар сақталады. Соның үстіне қосымша үстемақы аламын десе, жаңа жүйе бойынша ұлттық біліктілік тестін тапсырады. Одан кейін екінші кезең бар. Оны да ойдағыдай тапсырса, біліктілік деңгейіне қарай 30-50 процентке дейін үстемеақы алуға болады", - деді А.Аймағамбетов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұxбатында.

Вице-министрдің сөзіне қарағанда, жақын арада аттестацияның жаңа ережесі бекітіледі. Соның негізінде мұғалімдердің біліктілігі тексерілетін болады.

Айта кетейік, Үкіметтің бүгінгі отырысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев қыркүйекте мұғалімдердің аттестациядан өтетінін мәлімдеді. Оның айтуынша, бүгінде республика бойынша 285 мыңнан астам мұғалім жұмыс істейді. Олардың тең жартысы - жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер.

Соңғы жаңалықтар