АТР рейтингі: Кукушкин ТОП-100-дегі орнын сақтап қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығының (АТР) жаңартылған рейтингінде 89-орында тұр, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Қазақстанның бірінші ракеткасының әлемнің үздік теннисшілер жүздігіне кіргеніне қарамастан, Кукушкиннің динамикасы төмен түсіп барады. Қазақстандық АТР жаңартылған рейтингінде 14 орын жоғалтып, 89-орынға түскен (638 ұпай).

2018 жылы Михаил Кукушкин АТР  турнирінде 3 рет жеңіске жетіп, 2 рет жеңіліп қалған еді. Ол 69,106 АҚШ долларын тапса, жұптық кездесудегі жүлдесін қоса есептегенде $77,719 алған.

Айта кетейік, Михаил Кукушкиннің АТР рейтингіндегі ең жоғарғы позициясы 2015 жылдың қазанында 46-орын болған.

АТР рейтингінде Рафаэль Надальді жылжытқан Роджер Федерер көш бастап тұр. Швейцарлық Роттердамдағы турнирде жеңіске жетіп, 10105 ұпайға ие болған 36 жастағы Федерер АТР тарихындағы ең жасы үлкен теннисші атанды. 

Соңғы жаңалықтар