Атбасарлықтар мен сандықтаулықтар жалғыз емес, бүкіл ел олармен бірге - Ғалымбек Бәймішев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биылғы көктемде Ақмола облысының 12 ауданын су басты. Әсіресе, Атбасар мен Сандықтау аудандары көбірек зардап шекті. 

Осыған байланысты аталған өңірлерде төтенше жағдай жарияланды. Қазіргі уақытта Целиноград ауданында қауіпті жағдай сақталуда.

"Әрине, қандай төтенше жағдай боларын, апаттың қандай шығындарға әкеп соғарын алдын ала болжай алмаймыз. Облыстың әр ауданы мен қаласында, облыстық бюджетте кезек күттірмейтін шығындарға және ТЖ оқиғаларына арналған ақшалай қаражат қоры бар. Және бұл зардап шеккен адамдарға аса қажет көмекті тез арада ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Дәл осындай сәтте жаңалықтардан «Ақмола облысында су тасқыны салдарын жоюға арналған қаржы таусылды» деген ақпаратты есту көңілге қаяу түсіреді. Білесіздер ме, мұндай сәттерде әлгі «жаңалық» авторларына облыс бюджетінің ақшасы таусылса да, ақмолалықтар мен қазақстандықтардың зардап шеккендерге беретін жәрдемі ешқашан үзілмейді! деп айтқым келеді, - деді облыстық мәслихаттың депутаты, Сандықтау орман шаруашылығының директоры Ғалымбек Бәймішев.

Облыстық мәслихат депутатының айтуынша, табиғи апат келген алғашқы күннен бүгінге дейін жергілікті атқару органдары өз күштерімен қызыл суға төтеп беруде.

Әңгіме соңында апат әкелген шығындарды есептеу бойынша комиссия жұмысының жүріп жатқанын, облыстың барлық ауданында жедел штабтың тәулік бойы жұмыс істеп жатқанын хабарлағым келеді», - деді Ғалымбек Бәймішев.

"Зардап шеккендерге жан-жақтан көмек түсіп жатыр - «Нұр Отан» партиясынан, елдегі өзге де саяси күштерден, мемлекеттік ұйымдардан, кәсіпкерлерден, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден, Іскер әйелдер қауымдастығынан, түрлі қорлар мен еліміздің қарапайым тұрғындары атынан азық-түлік, жылы киім, ауыз су, дәрі-дәрмек, тіпті жиһаздар да келіп жетті". 

«Атбасарлықтар мен сандықтаулықтар жалғыз емес, бүкіл ел олармен бірге. Қираған үйлерді қалпына келтіреміз және бізде бәрі жақсы болады», - деп мәлім етті облыстық мәслихат депутаты.  

Соңғы жаңалықтар