Атбасардағы су тасқынына байланысты қылмыстық іс қозғалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ішкі істер министрі Қалмұxамбет Қасымов Ақмола облысы Атбасар кентіндегі су тоғанының бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғауды тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр Юрий Ильиннің айтуынша, су тоғаны өткен жылы салынған. Оның биіктігі - шамамен 7 метр. Оны бетоннан жасаған жоқ. Құмды төгіп, таптап қойған. Аталған нысан биылғы су тасқынына төтеп бере алмай, өткен демалыс күндері бұзылды. "Дамбаның құрылысы өткен жылы қараша айында аяқталған болатын. Енді, министрдің тапсырмасы бойынша қылмыстық іс қозғалады. Сол кезде жобалау ұйымдары да, мердігерлер де жауапқа тартылатын болады. Алдымен ол нысан тиісті талаптарға сай салынды ма, жоқ па, осы жағы тексеріледі. Бұрын су тоғаны болмағанда, өзен суы жағадан асып, Атбасарға жайылып кететін. Былтыр Ақмола облысы әкімінің шешімімен аталған су тоғаны салынған еді. Жаңылмасам, оған жергілікті бюджеттен шамамен 200 миллион теңге бөлінген еді. Тоғанның ұзындығы 15 шақырым. Құрылыс кезінде құмды төгіп, таптатып отырған. Атбасар жақта бірнеше шлюзі де бар. Алайда биыл оны су шайып кетті" , - деді Ильин бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында. Ал журналистің "Демек, ол мемлекеттік баланста тұр. Сонда әкім жауап бере ме?" деген сұрағына вице-министр: "Иә", - деп қысқа ғана жауап берді.

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында вице-министр бір аптаның ішінде Жабай өзеніндегі судың деңгейі төмендейтінін жеткізді. 

Соңғы жаңалықтар