Атбасарда су тасқынынан зардап шеккендерге жаңа пәтерлер беріледі

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасарда су тасқынының салдарынан үйлері жарамсыз болып қалған тұрғындарға жаңа пәтер беріледі. Бұл туралы Атбасар қаласының әкімі Нұржан Қамбатыров мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Еске сала кетейік, биылғы көктемдегі су тасқынының салдарынан Атбасар ауданында 650-ден астам нысан суда қалған болатын. Оның ішінде Атбасар қаласында 644 тұрғын үй, №1 орта мектеп, қала сыртындағы «Есіл» сауықтыру кешені және көлік коммуникациясы  бар.

4

Жүргізілген тексеріс барысында арнайы комиссия сарапшылары 467 тұрғын үйді апатты деп таныды. Оның 36-сы бұзылған болса, 168-ін жөндеу қажет. Қазір сарапшылар тұрғындарға зерттеу актісін таратуда. Кейін тұрғын үйлер құрылысын жүргізуге және су алған тұрғын үйлерді жөндеуге қомақты қаржы бөлінбек. Жаңа тұрғын үйлердің құрылысы маусым айында басталады деп жоспарланған. Су тасқынынан зардап шеккен аудан тұрғындарына «Таза қала» қоғамдық бірлестігінің қорынан қаржылай көмек көрсетілуде. Бұл қордан баспанасыз қалған тұрғындардың пәтер жалдау ақысы төленуде.

3

Қала әкімінің айтуынша, су тасқынының зардабын жою мақсатына 321 миллион 665 мың теңге бөлінген. Бұл қаржыға 45 пәтерлік он екі тұрғын үй, модульдік бу қазандығы және инфрақұрылым құрылысының жобалық сметалық құжаттамалары жасалуда. Осы қаржыдан тұрғын үйлердің жағдайын бағалаған сарапшылардың еңбекақысы да төленген.

2

  «Қазір инфрақұрылымдар мен жолдар жөнделіп жатыр. №1 орта мектеп пен «Есіл» сауықтыру кешенінің ғимаратын күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттамасы жасалды. Бұл жұмыстарға қаржы бөлу үшін бюджетке өтінім жасалады. Сарапшылар аудан орталығындағы 367 тұрғын үйді апатты жағдайда деп бағалады. Тұрғын үйлер жаңа шағын ауданға салынады. Бұл үйлерге су тасқынынан зардап шеккен қала мен селолық округтердің тұрғындары кезең-кезеңмен бір жылдың ішінде қоныстандырылады деп жоспарлануда. Әзірше баспанасыз қалған тұрғындарға арнайы қордан пәтер жалдау ақысы төленуде», - дейді қала әкімі.

Жалпы «Таза қала» қоғамдық бірлестігінің есеп-шотына 18 миллион 269 мың теңге түскен. Бірлестіктің өкілі Надежда Райленің сөзіне қарағанда  пәтер жалдаудың 218 келісімшарты жасалынып,124 келісімшарттың төлемақысы төленген. Су тасқынынан зардап шеккендердің бәріне 11 миллион теңгеге бағаланған  қайырымдылық көмек көрсетілді.

1

Соңғы жаңалықтар