Атбасарда көппəтерлі 6 тұрғын үй салынуда

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Атбасар қаласында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге арналып 45 пəтерлі 6 тұрғын үй салынуда. Бүгін аймақ басшысы Мəлік Мырзалин ауданға жұмыс сапары барысында аталмыш тұрғын үйлердің құрылысымен танысты. Бұл туралы аймақ басшысының кеңесшісі Марат Иғалиев Фейсбуктегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Сапар барысында аймақ басшысы Атбасар-Қима тас жолы мен теміржолдың бойындағы көпірдің астынан өтетін ағын судың арнасын кеңейту, Атбасар қаласында Жабай өзенін бойлай топырақ үю, 45 пəтерлі 6 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарымен танысты. Сондай-ақ, жергілікті тұрғындарымен кездесті.

Құрылыс алаңында бейнебақылау камералары орнатылған. Осы арқылы алаңы мен ондағы құрылыс жұмыстары бақыланып отырады.

Оған қоса, облыс әкімінің орынбасары Василий Крылов аптасына бір рет Атбасар қаласында болып, құрылыс жұмыстарының барысын қадағалап отырады», - деп жазылған əкім кеңесшісінің парақшасында.

Соңғы жаңалықтар