Атбасарда бөгет салғаннан гөрі шағын аудан тұрғызған тиімдірек - әкім

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалин жұмыс сапарымен Атбасар қаласында болып, көктемгі су тасқынының зардаптарын жою шараларымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Əкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, сапар барысында аймақ басшысы «Атбасар-Қима» тас жолының бойындағы су өткізуі нысанын нығайту бойынша құрылыс-монтаждау жəне №1 орта мектептің жөндеу жұмыстарымен танысты.

Сонымен қатар, жаңадан салынып жатқан 45 пəтерлі тұрғын үй мен қазандықтың құрылыс алаңында болды.
Одан әрі аудандық мәслихаттың депутаттары, қоғамдық кеңестің мүшелерінің қатысуымен төтенше жағдайларды ескертуде баламалы нұсқасының таныстырылымы өтті.
Осы ретте, аудан əкімі Аманбек Қалжанов аталған мəселе бойынша атбасарлықтардың пікірлеріне назар аударылғандығын атап өтті.

«Жақында қоғамдық тыңдау өтіп, онда Жабай өзенін бойлай бөгет тұрғызудың орнына жағадайдағы тұрғындарды жаңа баспанаға көшіру мəселесі қаралды», - деді Аманбек Қалжанов өз сөзінде.
Аудан әкімінің сөзінше, Атбасар қаласында өндірістік бөгет тұрғызу үшін республикалық бюджеттен 9 миллиард теңге қаржы жұмсалады. Оны ұстап тұру үшін жыл сайын тағы 200-300 миллион теңге қаржыны қажет етеді. Ал жаңа шағын аудан тұрғызып, оған қауіпті аумақтағы тұрғын үйлердегі отбасыларды көшіру анағұрлым арзанға түседі. Оған қоса, үнемделген қаржыға өзеннің түбін тазартып, арнасын кеңейтуге де мүмкіндік бермек.
Осы орайда, аймақ басшысы Мəлік Мырзалин өзінің орынбасары Василий Крылов пен салалық басқармалардың басшыларына қысқа мерзімнің ішінде атбасарлықтардың ұсыныстарын əлеуметтік жəне экономикалық жағынан тиімділігін зерттеуді тапсырды.

Соңғы жаңалықтар