Атай Өмірзақовтың «Адем» тобы Италиядағы байқауда табысты өнер көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі биші Атай Өмірзақовтың басшылығымен «Адем» би тобы Италияда байқауда әділқазылар мен көрермендерді баурап алды.

Бұл туралы Атай Өмірзақов  Facebook-тағы парақшасында хабарлады.

Римде (Италия) «Tù Sì Que Vales»  би байқауы жалғасуда. «Адем» би тобы «Электрик Буги» стилінде би биледі, олар ықтимал жүз пайыздың 98 нәтижесімен байқаудың келесі кезеңіне өтті.    

 «Әділқазы мүшелері биді жоғары бағалады, бізді қосымша кезеңдерсіз тікелей финалға жіберуді ұсынды. Байқау жүргізушісі жетпей қалған екі пайыз үшін қатты уайымдады, тіпті «Сіздерге қалайша бұл шедевр ұнамады» деп дауыс бермегендерді орнынан тұруды өтінді», - дейді А. Өмірзақов.

 

Соңғы жаңалықтар