Атамбаев ауруханадан шықты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек Атамбаев Мәскеудегі ауруханадан шықты. Бүгін ол Бішкекке келді, деп хабарлайды мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Қырғыз Республикасының Президенті Алмазбек бүгін Бішкекке келді. Мемлекет басшысы Мәскеудегі РФ Президенті істері басқармасының орталық клиникалық ауруханасында емделді», - делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, 2016 жылдың 19 қыркүйегінде Қырғыз Республикасының президенті Алмазбек Атамбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 71-ші сессиясына қатысу үшін Бішкектен Нью-Йоркке бет алған жолда өзін жайсыз сезініп, оған Ыстамбұлдағы Ататүрік атындағы халықаралық әуежайда алғашқы медициналық көмек көрсетілді.

Ол кейіннен толық медициналық тексерілуден өті үшін қысқа мерзімге еңбек демалысын алды.

Атамбаев 23 қыркүйекте бұрын жүрегін тексерткен Мәскеудегі РФ Президенті істері басқармасының орталық клиникалық ауруханасында емделуге келген болатын. 

Соңғы жаңалықтар