Атақты Nokia 3310 телефонының жаңартылған нұсқасы таныстырылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұялы телефон нарығына 2000 жылдардың бірінші жартысында шыққан ең сапалы телефондардың бірі Nokia 3310 жаңартылған нұсқада қайта оралды, деп хабарлайды Би-би-си.

Телефонның негізгі үлгісінің сатылымы 2005 жылы тоқтады - бұл уақытқа дейін мұндай ұялы телефонның 126 миллион данасы сатылған.

Бұған дейін ұялы телефон Mobile World Congress кезінде жұртшылық назарына ұсынылатыны жайлы хабарлаған болатынбыз .

Nokia компаниясының өзі енді ұялы телефон шығарумен айналыспайды, ал жаңа Nokia 3310 үлгісін жасау және шығару лицензиясы HMD Global компаниясына тиесілі - бұл финдік старт-ап бір жыл бұрын ұялы брендтерді қайта жаңғырту мақсатында құрылған.

HMD Global "ретро-үлгіден" бөлек Nokia белгісімен Android операциялық жүйесінде жұмыс істейтін тағы үш смартфонды таныстырды.

Жаңа Nokia ұялы телефондары Барселонада өткен Mobile World Congress кезінде жұртшылық назарына ұсынылды. 

3310 үлгісі жұртшылық жаппай қолданған телефон еді, әлі күнге дейін адамдар сағынышпен еске алады.

Соңғы жаңалықтар