Атағы жер жарған Усэйн Болт кәсіби футболшы болуды армандайды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атағы жер жарған ямайлық жүйрік Усэйн Болт жеңіл атлетикадан кеткеннен кейін кәсіби футболшы болғысы келетіндігін мәлім етті.

Спортшы дортмундық «Боруссия» командасымен бірге бірнеше жаттығу өткізбек, деп хабарлайды The Guardian.

«Бұдан не шығатындығын көреміз»,- деді Болт.

Сонымен қатар ол ағылшындық «Манчестер Юнайтед» клубына жанкүйер екендігін де атап өтіп, оның бас жаттықтырушысы Жозе Моуриньюмен кездескісі келетіндігін айтты.

«Егер мен «Манчестер Юнайтед» үшін ойнай алсам, бұл арманымның орындалғаны болар еді»,-деп қосты 30 жастағы спортшы.

Айта кетер болсақ, Усэйн Болт Бейжіңде (2008 жыл),  Лондонда (2012) және Рио-де-Жанейрода (2016) жалпы алғанда тоғыз алтын медаль иеленген болатын. Бұған қоса әлем чемпионаттарында 11 рет жеңімпаз атанды.

Соңғы жаңалықтар