Ата-әженің бауырында өскен бала бауырмал болады - «Егемен Қазақстан» газеті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  «ҚазАқпарат» ХАА оқырмандар назарына «Егемен Қазақстан» газетінің 12 қаңтардағы санына шолуды ұсынады.

Бүгінгі «Егемен Қазақстан» газеті журналист Жылқыбай Жағыпарұлының «Астананы асқақтатқан 20 жыл» атты мақаласымен ашылыпты. Елбасы биылғы Жолдауында Астананың 20 жылдығын айрықша атап өту керектігін де тілге тиек еткен болатын.  Мақала авторы 20-ақ жылда алаштың әлем көз тіккен айбынды астанасына айналу жолын кестелі тілмен төгілте баяндайды.

Арнайы бағаннан Сайраш Әбішқызының «Жас буынға - жаңа білім» мақаласы мен Анар Төлеуханқызының «Жаңсақ ойдың жетегінде...» атты мақаласы жарық көрді. Алдыңғы мақала Кеңес үкіметі кезіндегі оқу жүйесі мен қазіргі оқу жүйесіндегі айырмашылықтар жайында болса, соңғы мақала ата-әженің бауырында өскен баланың бауырмал болатындығын, алайда қазіргі кейбір көзқарастың оны мүлде түсінбей, басқаша көзқарас ұстанатыны жайында нақты мысалдармен тереңдете толғайды.

Газеттің «саясат» бетінде Парламент Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Елбасы жолдауына байланысты «Жаңғырудың айқын бағдарламасы», Конституциялық Кеңестің төрағасы Қайрат Мәминнің «Дамудың үдемелілігін қамтамасыз ететін Жолдау» атты мақалалары жарық көрді.

Сондай-ақ, «Келбет» айдарында жарияланған Бақытбек Смағұлдың Ауған соғысының даңқты батыры Борис Төкенұлы жайындағы көптеген тарихи жайларға толы қызықты, тағылымды мақаласы көп көңілінен шығатындай. Руханият бетінен жазушы Шәрбану Бейсенованың «Киім сыртынан емес, ішінен тозады» атты өнегесі мол өзгеше сыр-сұхбаты берілген. Сұхбат алушы сыншы Бағашар Тұрсынбайұылы. Сонымен бірге Ұларбек Нұрғалымұлының «сөз төркіні» айдарымен ән мәтінін талдаған «Ат қайда Ақбақайдай...» атты мақалсы оқырманды бей-жай қалдырмасы анық.

Сонымен бірге газеттен Айгүл Аханбайдың «Білімсіз жігіт отбасына тірек бола ала ма?» атты мақаласын, «бір суреттің сыры» айдарымен берілген Айнаш Есалидың «Ильиннің анасы неге жылады?» атты мақаласы қызықты һәм жылы оқылады.

Соңғы жаңалықтар