Асылы Осман: Қазақстанға жер жетпейді, басқа жер жүрегімді тербетпейді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі Асылы Осман «Егемен Қазақстан» газетіндегі мақаласында Алғыс айту күнінің ерекшелігіне тоқталып, қазақ халқына ризашылығын жеткізген екен. 

«Елбасының Жарлығымен осыдан екі жыл бұрын белгіленген Алғыс айту күні кешегі сұрапыл күндері қазақ жерін, қазақ ұлтын пана тұтқан өзге ұлт өкілдерінің бір сәт болса да ойланып, осы бір азат күнге жеткізіп, туғанындай бауырына басқан елдің өкілдеріне ризашылығын білдіріп, мейірбандығына мейірімділік көрсету заңдылық деп бағалаймын. Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күнімен тұспа-тұс келетін бұл күні мен қатты толғанамын. Өйткені мен қазақ халқының мейірімі мен жүрек жылуын үш жасымнан бастап күні бүгінге дейін көріп келе жатқандардың бірімін», - деп жазады Асылы Осман.
null 

Сондай-ақ, ол өткен жылы кіндік қаны тамған Қап тауының баурайындағы Хаветке барғанын еске алып, ол сапардың өткен ауыр күндерден хабардар етіп, тарихты танытып, жан дүниесін тебіренткенін айтады. «Осы сапар барысында Хаветтегі жартылай тастан, жартылай топырақтан салынған үйлерді көріп көкірегім қан жылады. Жол бойы күйзелген, күңіренген ел, күрсінген дала, түнерген тауды көрсем де өмір жолы өте күрделі әрі қатерлі менің санамдағы қазақ деген жалғыз ұғым жүрегімді тербеп, Қазақстанға жер жетпейтіндігін, басқа жердің жүрегімді тербетпейтіндігін ұғындым. Отан оттан да ыстық, мен үшін бір ғана Отан, бір ғана жұрт бар ол қазақ жұрты екендігін, жүрегімде туған жерге емес, тұрған жерге деген махаббаттың басым екендігін сезіндім. Аялы жанарынан адам баласына деген жылылық пен мейірім оты ұшқындаған қазақты қадірлеп, қастерлеу адами парызымыз, азаматтық борышымыз деп бағалаймын», - деп жазады Асылы Осман.
null 

 «Мен қайда жүрсем де бар күшімді Қазақстанның бағы мен бақыты, еркі мен еркіндігі жолында сарп етпекпін. Тірлігіміздің тірегі - татулықты ту етіп, төбеме көтеріп, қазағымның рухын биіктетемін. Қазағымды аялаймын анамдай, арқасүйер панамдай. Жасап, жаңара бер 130 ұлт пен ұлыстың ұрпағын бауырына басқан, азаматтық келісімді тұғыр етіп, түрлі мәдениеттер мен діндерді тоғыстырып, көп ұлттың татулығын ту етіп отырған зайырлы мемлекетім - Қазақстаным, Қазағым!» деп аяқтайды сөзін қайраткер.

Соңғы жаңалықтар