Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 333.03
EUR 392.61
RUB 5.82
CNY 50.54

Асылхан Тұрар велотректен Азия Кубогын жеңіп алды

Асылхан Тұрар велотректен Азия Кубогын жеңіп алды
2017 жылғы 13 қазан 16:01 307

АСТАНА. ҚазАқпарат - 10-12 қазан аралығында Үндістанның Нью-Дели қаласында велотректен Азия Кубогы жарыстары өтті. Үш медаль алған қазақстандық спортшылар спорттың осы түрінен Азия көшбасшыларының бірі екендігін дәлелдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның велоспорт федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Веложарыстардың қиын түрі саналатын омниум бәйгесінде скретч, темпо, элиминатор және ұпай жарыстары бойынша велосипед тепкен 20 жастағы қазақстандық спортшы Асылхан Тұрар жеңімпаз атанды. Ол «король бәйгесінің» бірінші және соңғы кезеңдерінде жеңіске жетіп, темпода қытайлық Лян Гуоны, ал элиминаторда өзбекстандық Руслан Федоровты алға жіберіп алды. Асылхан Тұрар жалпы бәйгені есептегі ірі басымдықпен аяқтады - АҚШ-тан барған Лэмби Эштон мен Қытай спортшысы Лян Гуодан 14 ұпайға озып кетті.

Бір күн бұрын Асылхан Тұрар жеке бәйгеде Азия Кубогының қола медалін алған болатын, ал командаласы Владимир Цой ұпай бәйгесінде екінші орынды иеленіп, Қазақстан делегациясының қоржынына бір күміс салды.


Асылхан Тұрар велотректен Азия Кубогын жеңіп алды

Басты сөздер: Спорт,
Қате таптыңыз ба? Белгілеп, CTRL+ENTER басыңыз

Пікір қалдыру

Соңғы Пiкiрлер