«Асыл бала» ұйымы ШҚО-ға көмек ретінде 3,5 млн теңге аударды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Асыл бала» қайырымдылық ұйымы Шығыс Қазақстан облысындағы су тасқынынан зардап шеккен балалаларға көмек ретінде 3,5 млн теңге қаражат аударды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Асыл бала» өкілдерінің айтуынша, қаражат ҚР балалар құқығы бойынша уәкілі Зағипа Балиеваның бастамасымен «Аягөз Болашақ» қорына аударылған. Бұл қаражат балалардың жылы киімі мен азық-түлігіне, дәрі-дәрмек және басқа да керек-жарақтарына жұмсалмақ.

«Асыл Бала» аударған қаражатты меценаттар жинап берген. Олар мұндай шараларға алғаш рет қайырымдылық жасап тұрған жоқ. Өткен жылы Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе облыстарындағы су тасқынынан зардап шеккен балаларға да дәл осындай көмек көрсетілген.

Естеріңізге сала кетейік, қазір ШҚО-да 230 үйді су басып жатыр, өңірде барлығы тасқын судан 489 баспана бүлінген.

Соңғы жаңалықтар