Астық тасымалдайтын кәсіпорындар үшін қосымша табыс көзі ашылмақ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздегі астық қабылдау кәсіпорындарына қосымша қызмет көрсету арқылы пайда табуға мүмкіндік берілмек, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне агроөнеркәсіптік кешенді реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің бірінші орынбасары Қайрат Айтуғанов айтты.

«Лицензияға ие 196 астық қабылдау кәсіпорынының негізгі қызметі «Астық туралы» ҚР Заңымен бекітілген тізіммен шектелген. Аталған кәсіпорындар өздерінің меншігіндегі   темір жолдарды басқа субъектілерге пайдалануға беру, жарма өнімін сату, майлы дақылдарды қайта өңдеу және сату тәрізді ілеспе қызметтерді көрсету арқылы пайда таба алады. Бірақ бұл мүмкіншіліктер «Астық туралы» заң нормаларында қарастырылмағандықтан, астық қабылдау кәсіпорындарына қосымша табыс табу мүмкіндік болмай отыр», - дейді Қайрат Айтуғанов.

Вице-министрдің айтуынша, қолайлы бизнес ортаны құру мақсатында заң жобасындағы «Астық туралы» заңға кәсіпорындардың жоғарыда көрсетілген қызмет түрлерімен айналысу құқығын беру қарастырылған.

«Мысалы, кірме жолдарды өзге субъектілерге беру қызметін көрсету «Атамекен Астық» ЖШС АҚК-ға жылына 5 млн теңгеге дейін табыс әкелуі мүмкін», - дейді Қайрат Айтуғанов.

Соңғы жаңалықтар