ASTRA Bus мобильдік қосымшасының мүмкіндіктері кеңейтілмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жақында елордада қоғамдық көліктерге бөлінген арнайы жолақтар қаладағы жолдардың 10 пайызын қамтиды. Бұл туралы бүгін елордада «Астана қаласының көлік кешенінің даму үрдісі» атты конференцияда қала әкімі Әсет Исекешев.

«ASTRA Bus» мобильдік қосымшасы құрылды және ол жолаушыларға автобусқа отыратын уақытын жоспарлауға мүмкіндік береді. Бүгінде аталған қосымшаны 200 мыңнан астам адам пайдалануда. Қазіргі кезде біз оны мәліметтердің түрлі бағыттарымен толықтырамыз. Қазан айының соңына дейін бұл қосымша толық күшіне енеді», - деп тоқталды қала әкімі.

Ә. Исекешевтің сөзіне қарағанда, қала тұрғындары қосымшадан автобус қозғалысының кестесін, көлік кептелістері туралы ақпаратты және басқада қажетті мәліметтерді көре алады.

Бұдан бөлек, әкім шаһардағы автобустарға арнайы жолақтарды бөлу тақырыбына тоқталды. Бұндай жолақтар елорданың 11 көшесінде қамтылған. Осы ретте 2017 жылдың соңына 100 шақырымға дейін осындай жолақтар бойынша жұмыстар аяқталады, бұл өз кезегінде көшедегі жолдардың 10 пайызын құрамақ. 

Соңғы жаңалықтар