Астара-Решт теміржолы Еуразия өңірінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады - Ильхам Алиев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астара-Решт теміржолы қысқа уақыттың ішінде салынады және ол бүтін Еуразия өңірінде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.Сәрсенбі күні Әзербайжан басшысы Ильхам Алиев Иран Президенті Хасан Руханимен бірлесіп жасаған мәлімдемесінде осылай айтты, деп хабарлайды Тrend.az агенттігі.

«Бүгін бірқатар құжаттарға қол қойылды, оның ішінде екі құжатты ерекше атап өткім келеді. Бұл біздің Каспий теңізіндегі бірлескен жұмыстарымыз бен Астара-Решт теміржолы құрылысына байланысты құжаттар. Олардың тарихи маңызы зор.  Себебі, осы құжаттарды жүзеге асыру арқылы Каспий теңізіндегі, сондай-ақ көлік саласындағы ынтымақтастығымыз жаңа деңгейге көтеріліп, өңірлік серіктестікке оң әсерін береді», - деді Президент Ильхам Алиев.

Ильхам Алиев «Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізінің қалған бөлігі - Астара- Решт теміржолының құрылысы қысқа уақытта аяқталып, бүтін Еуразия өңірі үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашылатынына сенім білдірді.

«Солтүстік-Оңтүстік» көлік дәлізі біздің және көрші елдердің бірлескен күш-жігерінің арқасында жүзеге асырылып жатыр. Сонымен қатар, біз «Оңтүстік-Батыс» көлік дәлізін құруды бастадық және болашақта «Солтүстік-Оңтүстік» және «Шығыс-Батыс» көлік дәліздері қосылады», - деді Әзербайжан басшысы.


фото:iran.ru

Соңғы жаңалықтар