Астананың тергеу изоляторында «Қазавтожолдың» экс-басшысы асылып қалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың тергеу изоляторында асылып қалған Әділ Нығметовтың қазасының себебі анықталып жатыр, деп хабарлайды КТК. 

«Қазавтожол» мекемесінің Батыс Қазақстан облыстық филиалының бұрынғы директоры Əділ Нығметов ірі көлемде пара берді деп 3 жылға сотталған болатын.

Нығметов  Астанадағы тергеу изоляторында асылып қалған.  Суицидке баруының себебі әлі белгісіз.

«Өз өзіне қол жұмсау фактісін растаймыз. Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Тиісті органдар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сотталған тергеу изоляторында шаруашылық жұмыстарын атқарып жүрген. Өлім алдындағы хатты қалған жоқ», - деді Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметкері Ағылай Тұрланова.

Естеріңізге салсақ, «Қазавтожолдың» басшылары мен аймақ филиалдары басшыларынан құралған 20 өкілі ірі көлемде пара беру дерегімен ұсталған еді. Солардың арасында Әділ Нығметов те бар. Олар бюджет қаржысын игерудегі құйтұрқылықтарын жабу үшін Есеп комитетінің 2 қызметкеріне 16 миллион теңге пара бермекші болған. Ақырында Нығметов 3 жылға қамалды. Алайда, өзін кінәсіздігін дәлелдемек болған ол апелляциялық шағым түсіргенімен, үкім өзгеріссіз қалған. Сөйтіп, ол тергеу изоляторына жабылып, соңғы кассациялық сотты күтіп жатқан болатын.

Соңғы жаңалықтар