Астананың мәдениет қызметкерлері 150-ден астам жанға материалдық көмек көрсетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының мәдениет мекемелері «Астана - мейірімді қала» акциясына қатысты.

Елорда әкімдігінің бастамасымен ұйымдастырылған қайырымдылық шара аясында Астана қаласының кітапханалары, «Атамекен» этно-мемориалдық кешені, Тәуелсіздік сарайы, «Жастар» театры, Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясы мен Қ. Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының  ұжымдары мұқтаж жандарға қол ұшын созды. Астана қаласының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы өз кезегінде тұрмысы төмен отбасылар мен жетім балаларға ақшалай және азық-түлік түрінде көмек көрсетті.

Жалпықалалық қайырымдылық акциясы аясында елордалық мәдениет саласының қызметкерлері тарапынан 150-ден аса адамға материалдық көмек көрсетілді.

«Астана - мейірімді қала» акциясы 31 желтоқсанға дейін жалғасады. Оған кез келген адам қатыса алады. 

Соңғы жаңалықтар