Астананың құрылыс алаңындағы апат: Зардап шеккен азамат есін жинады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада құрылыс барысында плитаның опырылуынан зардап шеккен азамат есін жинады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Астана құрылыс алаңындағы плитаның опырылуынан зардап шеккен Өзбекстан азаматы есін жинады», - деді Травматология және ортопедия ғылыми-зерттеу институтының анестезиолог-реаниматолог дәрігері Зәуре Мыңбаева.

Естеріңізде болса, 17 қыркүйек күні елордада құрылыс барысында плиталардың опырылуы салдарынан екі жұмысшының өмірі қиылып, тағы бір адам аураханаға жеткізілген болатын.

«Бүгін Астананың Сарыарқа ауданында сағат 11:56 кезінде Алаш тасжолы бойында құрылыс плиталары мен нысанның қабырғасының құлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, апаттан 3 адам зардап шекті, яғни біреуі оқиға орнында жан тапсырса, бір жұмысшы ауруханаға жеткізіліп, тағы біреуі үйінді астында қалып қойды. Қазіргі кезде бұл адамдардың аты-жөні анықталып жатыр», - деген еді төтенше оқиғаға байланысты түсініктеме берген ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Соңғы жаңалықтар