Астананың киелі жерлеріне велотур ұйымдастырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ішкі туризмді дамыту, қала тұрғындары арасында саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында биыл «Қасиетті Астана» атауымен елорданың киелі орындарына велотур ұйымдастырылады деп жоспарлануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат әкімдіктің сайтына сілтеме жасап.  

Бүгін ҚР Ұлттық музейінде Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының 1 жылдығына арналған «Рухани жаңғыру» көрмесі өтті. Оған өңірлердегі «Рухани жаңғыру» жобалық кеңселерінің өкілдері, ғалымдар, мәдениет қайраткерлері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпаздары, аймақтық және республикалық БАҚ-ның өкілдері қатысты.

Кең ауқымды шара барысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың 1 жылдық қорытындылары шығарылып, 2018 жылға арналған жоспарлар ортаға салынды. 
 null    

«Қасиетті Астана» велотуры «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтпек. Шараға зиялы қауым өкілдері, отандық эстрада жұлдыздары, ел спортшылары қатысады деп күтіліп отыр. 

nullАстана қаласының «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде атап өткендей, велотур 4 бағыттан тұрады. Бұл: «Қазақ елі» монументі - «Отан қорғаушылар» монументі - Бейбітшілік және келісім сарайы, «Мәңгілік ел» қақпасы - «Астана-Бәйтерек» монументі - «Бозоқ» қаласы, «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» монументі - «Жасыл» мешіт қоршауы - Күйгенжар қорымы бағыттары. 

nullАйта кетейік, 2018 жылы Астанада «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында «Архивтер сөйлейді», «Әр нәрестеге бір ағаштан», «Қайырымдылық Доброта: «1000 да 1 алғыс» сияқты 79 жоба іске асады.

null

Соңғы жаңалықтар