Астананың іргесіндегі темір бетон зауыты былтыр 85477 тонна өнім шығарды

None
None
  КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Целиноград ауданының Қосшы ауылындағы «Сапа су» серіктестігі өткен жылы 85477 тонна темір бетон өнімдерін шығарды. 

Бұл туралы Ақмола облысының əкімі Мəлік Мырзалиннің аталған кəсіпорында болған кезінде айтылды, деп хабарлады "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

Аймақ басшысы цехтағы Германияда жасалған қондырғылардың жұмысымен танысты. Аумағы 5 мың шаршы метрді құрайтын «Сапа су» зауыты Қазақстанда темірбетон бұйымдарын жасап шығаратын ірі кәсіпорын. Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында пайдалануға берілген зауыт құбыр, монолиттік құдықша, технологиялық бетон және өзге де темірбетон бұйымдарын жасап шығарады. Мұндай өнімдер бүгінде тез дамып келе жатқан жол және азаматтық құрылыс инженерлік желілер нарығында ауадай қат болып отыр.

"Өткен жылы 85477 тонна өнім шығарылды. Оның 12700 дана бетон құбыр, 11500 дана плита, 500 дана суағар, 7000 дана блок. Зауыт еліміздің солтүстік өңірлерін технологиялық бетонмен және сапалы темірбетон бұйымдарымен қамтамасыз етеді. Кәсіпорында

120 жаңа жұмыс орны құрылған", деді зауыт басшысы Ербол Жұмағалиев.

Соңғы жаңалықтар