Астананың ең үлкен ашық мұз айдынына кіруге жеңілдік жарияланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың ең үлкен ашық мұз айдынына кіруге жеңілдік жарияланды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің медиа орталығы.

«Қараша айының 25-26 күндері Астананың ең ірі ашық мұз айдынына отбасыңызбен немесе достарыңызбен демалуға келуге болады  кіру билетіне 50 пайыз жеңілдік қарастырылған»,-делінген хабарламада.

Жұмыс кестесі: жұмыс күндері сағат 12.00-ден 23.00-ге дейін, демалыс күндері  сағат 10.00-ден 23.00-ге дейін.

Қосымша ақпарат және билеттер туралы www.kassir.kz сайтынан біле аласыздар.

Соңғы жаңалықтар