Астананың ботаникалық бағы 2018 жылдың жазында ашылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада жаңа ботаникалық бақтың құрылысы 2018 жылдың жазында аяқталады. Бүгінге дейін бақта 33 мыңнан астам ағаш отырғызылып, жасанды су қоймасы салынды. Велосипедшілер мен жүгіруге арналған жолдар жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорданың медиа орталығына  сілтеме жасап.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Қосман Аймұхаметов мәслихат отырысында атап өткендей, жобаның жалпы құны 23 млрд теңгені құрайды.

 «Ботаникалық бақтың ауданы - 92 гектар. Жобаның жалпы құны - 23 млрд теңге, бұл қаржының 12 млрд теңгесі - жеке инвестициялар.

Қазіргі таңда бақта 2 жылыжай бар. Олардың бірінде тропикалық өсімдіктердің 40-тан астам түрі, екіншісінде - шөлейтті өсімдіктердің 40 түрі өсірілуде. Нысанның құрылысы 2018 жылдың ортасында аяқталады деп жоспарлануда», - деді Қосман Аймұхаметов.

Мұнымен қоса, қазіргі таңда Астанада өзен жағалауындағы саябақ салынып жатыр. Оның жалпы ауданы 141 мың шаршы метрді құрамақ. Мұнда 10 мыңнан астам жапырақты және қылқан жапырақты ағаш отырғызылады деп жоспарланып отыр. 

Соңғы жаңалықтар