Астананың ботаникалық бағы 1 шілдеде таныстырылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы ботаникалық бақтың таныстырылымын 1 шілдеде өткізу жоспарланып отыр, деп хабарлайды Қазақпарат Елорда.инфоға сілтеме.

«1 шілдеде Астанада ботаникалық бақтың тұсаукесері өтеді. Жұмыс 75 % істелді. Жақын арада астаналықтар оны бірінші болып көре алады», - деп жазады «Вечерняя Астана» газеті.

Айта кетейік, елордадағы Ботаникалық бақтың құрылысы 2012 жылы сәуір айында басталған болатын. Жалпықалалық сенбілікте Қазақстан Президенті бақтың құрылысы жүретін аумаққа емен ағашын отырғызып, дендрарий құрылысын бастап берген болатын.

Бастапқы жоспар бойынша ботаникалық бақтың құрылысы ЭКСПО көрмесіне дейін аяқталады деп жоспарланған болатын. Алайда құрылыс жоспарына енгізілген бірқатар өзгерістерден кейін құрылыстың аяқталу мерзімі де кейінге шегерілді.

Соңғы жаңалықтар