Астананың бірқатар көшелерінде үйлер жылудан ажыратылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты Астананың оң жағалауында бірқатар тұрғын үйлер жылудан ажыратылады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығына сілтеме жасап.

Бүгін 5 сәуір күні ДУ-80 жылу трассасы бөлігіне жүргізілетін жұмыстарға байланысты Жеңіс даңғылы 41/1 мекенжайы бойынша сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін жылу беру тоқтатылатын болады. 

Сонымен қатар, 11 сәуір күні ЖЭО-1 есептік температураны тексеру мақсатында  Ағыбай батыр, Ақбидай, Ақжол, Аспара, Аймауытов, Ақан сері, Ақсеңгір, Әуезов, Абай, Байсейітова, Бигелдинов, Бейбітшілік, Шабал Бейсекова, Біржан Сал, Мамбетов, сондай-ақ Бөгенбай батыр, Уәлиханов, Ғабдуллин, Гете, Ғұмар Қараш, Жангелдин, Дүкенұлы, Есенберлин, Желтоқсан, Шолпан Иманбаева, Иманов, Қарасай батыр, Қарталы, Кенесары, Конституция, Күмісбеков, Құтпанов, Молдағұлова, Мәскеу, Ойыл, Омаров, Өндіріс, Отырар, Сарыбұлақ, Сейфуллин, Сарыарқа, Тайбұрыл, Тархан, Тілендиев, Торайғыров, Тынышбаев, Чехоев, Шевченко, Шен, Шонанұлы көшелеріндегі үйлер жылудан ажыратылады.

 

Фото: om-saratov.ru

Соңғы жаңалықтар